Мен этнографиялық жазбалар әдісін күнделікті сабақта және сабақтан тыс қолдану аясында, жазу – оқушының ішкі ойынан, ішкі жағдаяйынан, білім деңгейінен хабар беретінін түсіндім. Соның ішінде, 9 сыныпта «Кәсіби бағдар» аясында жұмыс жүргізуім керек болды. Оқушылар қазіргі заманауи мамандықтардың қайсысын таңдарын білмейді. Содан, біз «Жұмыссыздық неден туындайды: жаңа заманның жаңа мамандықтары» атты этнографиялық зерттеулер жүргізіп түрлі маман иелерімен сөйлесіп, олардың табысқа жету жолы мен, жетістіктерін және қиындықтарын зерттедік. Оқушылар үшін бұл керемет жаңалық болды, олар өздеріне өзекті деген 2-3 мамандықтан таңдап, оны әрі қарай жеке зерттеуге көшті. Сынып конференция өткіздік.
«Оқушылардың әлеуметтік -этнографиялық зерттеулері» керемет жоба, қажет жоба.